Еуропалық Одақ Иранға қарсы санкцияларды ішінара қайта енгізді

/
Еуропалық Одақ Иранға қарсы санкцияларды ішінара қайта енгізді

ЕО Кеңесі «еуроүштік» елдерімен (Ұлыбритания, Германия, Франция) бірге 2015 жылы тоқтатылған Иранға қарсы кейбір санкцияларды ішінара қайта енгізуге шешім қабылдады. Бұл шаралар жеке тұлғаларға қатысты шектеулерді, сауда, қаржы және көлік секторларына бағытталған санкцияларды қамтиды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ЕО Кеңесінің мәлімдемесінде айтылған.

Санкциялар аясында Иранға қару-жарақ экспорттауға, уранды байытуға байланысты болуы мүмкін кез келген құрал-жабдық, материал, тауар және технология беруге тыйым салынады. Сонымен қатар, Ислам Республикасына энергетика саласына арналған құрал-жабдық, алтын және басқа да бағалы металдарды жеткізуге рұқсат жоқ. ЕО қайтадан Иран Орталық банкінің және ірі коммерциялық банктерінің активтерін бұғаттайды.

28 қыркүйекте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға қарсы санкциялары «еуроүштіктің» бастамасымен қайта күшіне енді. Ресей мен Қытай шектеулерді қалпына келтіруге мүмкіндік беретін snapback тетігін қолдануға қарсы шықты, бірақ олардың бұл шешімді кейінге қалдыру жөніндегі қарары қолдау таппады. Иран санкциялардың қайта енгізілуіне «қатаң жауап беретінін» мәлімдеді.

Snapback механизмі 2015 жылы Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция және АҚШ қатысқан Иранның ядролық келісімі (СВПД) аясында қарастырылған. «Еуроүштік» санкцияларды қайта енгізуді Иранның келісім талаптарын орындамауымен түсіндірді. Ресейдің айтуынша, еуропалық елдер де өз міндеттемелерін орындамаған. Ал АҚШ бұл келісімнен 2018 жылы мүлдем шығып кеткен. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары