Қазақстандық гимнаст Мажарстандағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

/
Қазақстандық гимнаст Мажарстандағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
ҰОК

Қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин Сомбатхейде (Венгрия) өткен Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасының өкілі еркін жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Финалда Дмитрий Патанин 13.900 ұпай жинады.

Екінші орынды Болгария спортшысы Кевин Пенев (13.600) иеленсе, үшінші орынға Артем Долгопят (Израиль) (13.200) тұрақтады.

Жексенбі күні Дмитрий Патанин қос сырық жаттығуында бақ сынап, тағы да медаль үшін күресетін болады. Жарыстың соңғы күні қазақстандық Милад Карими финалда өнер көрсетеді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары