Таразда автобус жүргізушісі мас күйінде жолаушы тасымалдаған

/
Таразда автобус жүргізушісі мас күйінде жолаушы тасымалдаған
Жамбыл облысының Полиция департаменті

Таразда жолаушыларды мас күйінде тасымалдаған №17 бағыттағы автобус жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқық қорғаушылар күдік тудырған жолаушылар автобусын байқап, тексеру үшін тоқтатқан.

Медициналық куәландыру нәтижесінде 55 жастағы жүргізушінің рөлге мас күйінде отырғаны анықталды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

«Рөлге алкогольдік ішімдік ішіп отыру – жолдағы қауіпсіздікке төнген нақты қатер, сондықтан қатаң жауапкершілік қарастырылған», – деді полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары