Әлеуметтік желіде асфальттың шөгуінен жүк көлігінің құлап кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға Алматы облысы Іле ауданындағы Боралдай ауылына қарасты «Водник-3» шағын ауданында болған.
Бірнеше тонналық жүк көлігінің салмағынан асфальт шыдамай, көліктің бір бөлігі жерге батып кеткенін көруге болады. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.