24 қыркүйек күні Францияда бір оқушы музыка пәні мұғалімін пышақтап, көп ұзамай ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
14 жастағы оқушы сабақ кезінде музыка пәні мұғалімінің бетіне пышақ сұғып жаралады. Құқық қорғау органдары оны қамауға алды.
Шабуылдан кейін мұғалім ауруханаға жеткізілді.
Күдікті шабуылдан соң көп ұзамай ұсталды. Алғашында ол оқиға орнынан қашып кетпек болған.
Алайда күдікті қамауға алу кезінде өзін де жаралап, жергілікті ауруханаға жеткізілген.
Францияның білім министрі Элизабет Борн оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне көмек көрсету үшін жедел әрекет ету бөлімшесі іске қосылғанын мәлімдеді.