Белгілі шоумен, актер Нұрболхан Шарапов оқырмандарына сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Нұрболхан Шарапов өзінің көпбалалы әке атанғанын жеткізді. Шоуменнің егіз қызы дүниеге келді.
"Сүйiншi 4-шi рет Әке болдым! Аллаһқа шүкiр, 4 қыздың әкесi!", - деді шоумен.
Желі қолданушылары актерге жылы лебіздерін білдірді.
"Құтты болсын бауырым! Иманды салихалы ұрпақ болсын ин ша Аллах! Бар отбасыға жұғысты болсын", "Мәәә, не деген керемет жаңалық! Бауы берік болсын! Салиқалы ұрпақтардан болсын!", "Нұрболхан, бақыттысың! Әр әке мұндай баққа жете бермейді. Сенің төрт қызың — өміріңнің мақтанышы. Қыздарыңның қызығын көріп қана қоймай, болашақта төрт ұлдың әкесі болып, әулетіңді өркендетіп жүре бер!", - деді бір топ өнер адамдары желідегі жазбада.