Маңғыстаулық дзюдошы Азия чемпионатында жүлдегер атанды

/
Маңғыстаулық дзюдошы Азия чемпионатында жүлдегер атанды
munaily_akimdigi

Индонезияның Джакарта қаласында өткен кадеттер арасындағы дзюдодан Азия чемпионатында Мұнайлы ауданының жас спортшысы, 90+ келі салмақта сынға түскен Ердәулет Жұмабай қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Мұнайлы ауданының әкімдігі мәлім етті.

«Алғашқы белдесулерінде Индонезия және Иран балуандарын жеңіп, үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде оңтүстік кореялық қарсыласынан басым түсті.

Ердәулет – Басқұдық ауылының тумасы. 2016 жылдан бері бапкері Қайрат Иманғазиевтің шәкірті. Ол – Маңғыстау облысының екі дүркін чемпионы, ҚР чемпионаты мен Еуропа кубогының қола жүлдегері»,  - делінгшен хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары