Кундуз қаласының 13 жастағы тұрғыны аса қауіпті қадам жасап, Kam Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағының шасси бөлігіне жасырынған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы BBC-ге жазған.
Ұшақ Кабулдан Делиге рейс орындаған. Жасөспірімді қону кезінде ұшу-қону жолағында тауып алды.
Үндістанның қауіпсіздік қызметі оны тергеу үшін ұстады, кейін сол рейспен қайтадан Кабулға қайтарды. Баланың айтуынша, ол мұны «қызығушылықтан» істеген. Кейін белгілі болғандай, ол бастапқыда Иранға кеткісі келіп, ұшақтың Үндістанға баратынын білмеген.