Жалғыздық смартфонға деген тәуелділікті күшейтеді

/
Жалғыздық смартфонға деген тәуелділікті күшейтеді
сурет: istockphoto.com

Британдық ғалымдар (Портсмут пен Суррей университеттері) жастардың түнде телефонды көп қолдануын жалғыздықпен байланыстырды. Зерттеу нәтижелері PLOS One журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сауалнамаға 18-25 жас аралығындағы 407 жас қатысты. Ғалымдар «түнгі жәндіктер» – яғни, кешке белсенді жастар жиі әлеуметтік оқшаулануда болатынын анықтады. Олар жалғыздықтан қашып, әлеуметтік желілерге жүгінеді, бірақ бұл жағдайды одан әрі ушықтырады.

Статистикаға сүйенсек, Ұлыбритания студенттерінің 40%-ы әлеуметтік желілерге тәуелді: олар телефонсыз қалса мазасызданып, хабарламаларды қайта-қайта тексеріп, күнделікті істерін ұмытып кетеді. Әсіресе қыздар бұл тәуекелге көбірек бейім.

Бұған дейінгі зерттеулер түнгі өмір салтын нашар ұйқы сапасымен және депрессиямен байланыстырған еді, бірақ оны технология қолданумен байланыстырып зерттеу алғаш рет жасалды.

Ғалымдар жастарға «телефонға аз қара» деумен шектелмей, жалғыздық пен уайыммен күресуге көмектесетін қолдау шараларын әзірлеу қажет екенін айтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары