Мәскеулік "Люблино" клубының ойыншысы Василий Карташов Түнгі хоккей лигасының ойыны кезінде көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Қайғылы оқиға "Люблино" мен "Ақ аюлар..." арасындағы матч барысында болған.
Кезекші жедел жәрдем бригадасы мен арнайы реанимациялық топтың дәрігерлері 52 жастағы ер адамға көмек көрсеткенімен, аман алып қала алмады.
Түнгі хоккей лигасы марқұмның туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтты.