Шымкенттің әкімі Сабырхандар әулетіне үш автокөлік сыйлады

/
Шымкенттің әкімі Сабырхандар әулетіне үш автокөлік сыйлады
instagram.com/sabyrkhantorekhan

Шымкент қаласының әкімі Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті. Мақтаныш пен шабытқа толы атмосфера аясында спортшылар алған әсерлерімен бөліссе, қала басшысы олардың тамаша жетістіктерінің бүкіл ел үшін маңызды екеніне тоқталды.

Айта кетейік, Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті алтын, бір күміс, екі қола медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке жетті. Махмұд тұғырдың ең биік сатысына екінші рет көтерілсе, небәрі 19 жастағы інісі Төрехан тұңғыш рет әлем чемпионы атанып, төл тарихта қалды. Осы ретте ағайынды Сабырхандарға арнайы алғыс айтылды. Сондай-ақ екі боксшы мен әкесіне бір-бір автокөліктің кілті мен пәтер табысталды.

Қала басшысы чемпиондарға тілегін арнап, бапкерлері мен тәлімгерлеріне сәттілік тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары