Әнші Әли Оқапов отбасы құрғанына бес жыл толғанына орай әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бұл фотоларды ешкім көрмеуі керек еді. Бірақ бәрі өзгереді. Кеше болғандай, бірақ сонымен қатар өткен өмірдей. 5 жыл бір ғана сәт сияқты. Бір сәт – екеумізге ортақ», – деп жазды Ә. Оқапов.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына құттықтау лебіздерін жазып жатты.
«Әдемі, махаббаттарыңыз мәңгі болсын!», «Бір әдемі жұп осы екеуі, көрсең көзің де көңілің де толатын! Бақыттылар», «Алла бақтарыңызды еселесін», - деді желі қолданушылары.