Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко HLTV.org порталының нұсқасы бойынша Counter-Strike ойыны бойынша өткен «FISSURE PLAYGROUND 2» турнирінің ең үздік ойыншысы (MVP) деп танылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Спорт Шредингера» басылымының жазуынша, FISSURE PLAYGROUND 2 жарысы 12–21 қыркүйек аралығында Сербияда өтті. Қатысушылар жалпы көлемі жарты миллион доллар болатын жүлде қорын сарапқа салды. Финалда бразилиялық FURIA Esports командасы The Mongolz ұжымын 3:2 есебімен жеңіп, 200 мың доллар иеленді.
Турнир барысында Данил Голубенко 18 карт ойнап, орташа жеке көрсеткіші 1,19 рейтингті құрады. Оның ішінде небәрі үш ойында ғана өлтіру мен өлім арасындағы айырмашылығы теріс болды.
Бұл – Данилдің карьерасындағы алғашқы жеке марапаты. Айта кетейік, жақында Голубенко HLTV.org нұсқасы бойынша ең әлеуетті он ойыншының қатарына енген болатын.
Ол 2025 жылдың сәуір айында бразилиялық FURIA Esports құрамына қосылды. Бұған дейін ол DMS және Amkal Esports клубтарын таныстырған.
Бразиялия футболының жұлдызы, "Сантос" клубының ойыншысы Неймар 20 жастағы қазақстандықтың ойынына тәнті болып, әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтаған. Сондай-ақ Данилдің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазылған.