Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Айтжан Қалмаханов (63 келі) алтын медаль алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өзбекстан атынан күрескен қазақ балуаны Айтжан Қалмаханов финалда кәріс балуаны Чангты 6:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Загребтегі турнирге Қазақстаннан грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали қатысып, әлем чемпионатында алтын алғанын жазған едік.