Хорватия астанасы Загребте грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында 4 салмақта жүлдегерлер бақ сынасты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Команда көшбасшысы Демеу Жадыраев (-77 кг) пен мажарстандық Роберт Атилла Фрич қола жүлдені сарапқа салды. Аса тартысты өткен белдесуде Роберт Аттила Париж Олимпиадасының күміс жүлдегерінен басым түсті. Есеп: 5-6. Осылайша, Демеу Жадыраев Хорватиядағы әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады.
Загребтегі іріктеуде отандасымыз Йонни Куннари Сарккиненнен (Финляндия), Алекса Иличтен (Сербия) басым түсті. Аса шиеленісті өткен ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Нао Кусакаға жол берді. Ал жұбаныш белдесуінде Игорь Бычковты (Украина) жықты.