Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингіде көш бастады

/
Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингіде көш бастады
Фото: Спортшының жеке мұрағатынан

Дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері және Гран-при чемпионы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингіде көш бастады.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингіне сәйкес, қазақстандық спортшы бір сатыға жоғарлап, 5021 ұпаймен әйелдер арасында 48 кг салмақ дәрежесінде көш бастады.

Ресейлік Сабина Гилязова екінші орын, ал 23 жасар италиялық спортшы Ассунта Скутто үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетерлігі, бұл Әбиба Әбужақынованың алғаш рет әлемдік рейтингіде көш бастауы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары