Павлодар облысында емхана қызметкеріне тіл тигізген бойжеткен жазаға тартылды

/
Павлодар облысында емхана қызметкеріне тіл тигізген бойжеткен жазаға тартылды
Сурет: baq.kz

Железин аудандық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша азаматша Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот биылғы тамыз айында 19 жастағы азаматша Е., Железин орталық аудандық ауруханасы терапевтінің кабинетінде болып, медицина қызметкерінің атына өрескел былапыт сөздер айтқанын анықтады. Бұл әрекетімен ол басқаларға сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот отырысында азаматша Е., өз кінәсін мойындап, кешірім сұрап, өкінетінін айтқан.

"Сот қаулысымен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 55 048 теңге сомасындағы әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Қаулы заңды күшіне енді", - делінген Железин аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары