Трамптың тікұшағы Лутон әуежайына шұғыл түрде қонды

/
Трамптың тікұшағы Лутон әуежайына шұғыл түрде қонды

АҚШ президенті Дональд Трамп пен жұбайы Меланья мінген тікұшақ Ұлыбританияда мәжбүрлі жағдайда қонды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Daily Mail жазды.

Оқиға АҚШ көшбасшысы премьер-министр Кір Стармермен Чекерс резиденциясында баспасөз конференциясынан кейін Станстед әуежайына ұшып бара жатқан кезде болды.

Басылымның мәліметінше, президенттік тікұшақтың гидравликалық жүйесінде ақау шыққан. Қауіпсіздік мақсатында ұшқыштар әуе кемесін Лутон әуежайына қондыруды ұйғарды. Сол жерде Трамп пен бірінші ханым резервтік тікұшаққа отырып, Станстедке қарай сапарын жалғастырды.

Техникалық ақауға қарамастан, зардап шеккендер болған жоқ. Президенттік рейс межелі жерге небәрі жиырма минут кешігіп жетті.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары