Алатауда төтенше жағдай режимін жариялауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізу жоспарланып отыр.
Аудан әкімі қабылдайтын тиісті шешім жобасы 2025 жылғы 17 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған. Құжатқа сәйкес, төтенше жағдай "Азаматтық қорғау туралы" заңға және ҚР ТЖМ бекіткен төтенше жағдайларды жіктеуге сәйкес енгізіледі.
Айта кетейік, Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрттің түтіні екі тәуліктен бері Алматы қаласына қарай созылып келеді. Қала тұрғындары күйік иісіне шағымданып жатыр, ал ТЖД өкілдері тұрғындарды сабыр сақтауға шақырады.