Жастарда сирек кездесетін иық ауруы жиілеп кеткен

/
Жастарда сирек кездесетін иық ауруы жиілеп кеткен
сурет: istockphoto.com

Британ дәрігерлері бұрын сирек кездесетін иық ауруы (thoracic outlet syndrome) жастар арасында жиілеп кеткенін хабарлады. Қазірдің өзінде 25 жасқа толған жастардың 66%-ынан осы дерттің белгілері табылып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz dailymail.co.uk-ге сілтеме жасап.

Ауру мойын мен иықтың ортасында жүйке немесе қан тамырлары қысыла бастағанда пайда болады. Нәтижесінде қолды көтеру қиындайды, ұйып қалады, қатты ауырсыну сезіледі. Бұған дейін синдром көбіне егде жастағы адамдарда, спортшыларда немесе жарақат алғандарда кездесетін.

Алайда бүгінгі күнде басты қауіп факторы – компьютер алдында ұзақ уақыт еңкейіп, бастың алға шығып кетуі. Дәрігерлердің айтуынша, сағаттап мониторға үңіліп отырған жастар өздері байқамай «кәрілік ауруын» ерте жастан жұқтырып жүр.

Мамандар жастарға тік отыруға, мойын мен иық бұлшықеттерін үнемі жаттықтырып тұруға кеңес береді. Әйтпесе созылмалы ауырсыну мен қол қозғалысының шектелуі ерте бастан қалыпты жағдайға айналуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары