Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, Ұлттық құрама спортшысы Нариман Курбанов Франция астанасы Париж қаласында өткен FIG World Challenge Cup 2025 турнирінде үздік шығып, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстандық атлет тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпаймен ешкімге дес бермей, бірінші орыннан көрінді. Бұл сында армениялық Гамлет Марукянға (14,800) күміс жүлде бұйырса, италиялық Габриэль Таргетта (14,733) қолаға қол жеткізді.
Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Зейнолла Ыдырысов 14,633 ұпаймен төртінші сатыға тұрақтады.