Ақтөбе облысында 100-ден астам киік қырылып қалған

/
Ақтөбе облысында 100-ден астам киік қырылып қалған
istockphoto.com

Ақтөбе облысы Айтекеби ауданындағы Қайрақты өзенінен жүзіп өтпек болған 100-ден астам киік суға батып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz сайты «Диапазон» порталына сілтеме жасап.

13 қыркүйекте қырылып қалған жануарлардың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Одан кейін оқиға орнына экология департаментінің, ветеринарлық қызметтің және Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары шықты.

Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділгерей Әуелбаевтың айтуынша, сайгактардың қырылуы 13-15 қыркүйек аралығында болған. Оның ішінде 60-ы – ұрғашысы, 48-і – мүйіздісі. Жануарлар судан шығарылып, көміліп тасталды.

– Бұл жерден шамамен 10 мың сайгак өткен, олар су ішуге келген. Қайрақты өзенінің бір жағында жарқабақ пен қалың қамыс бар. Болжамымызша, өткел кезінде сайгактар бір-бірін таптап кеткен. Экологтар мен ветеринарлар судан сынама алды. Оқиға орнында 22 адам мен 8 техника жұмыс істеді, – деді Әділгерей Әуелбаев. – Көктемде сайгактар азық пен салқын іздеп көшеді, ал күзде оңтүстікке қайтады. Біздің облыста олардың саны шамамен 300 мың. Қазір сайгактар Ұлытау, Қостанай және Қызылорда облыстарына қарай көшіп барады. Бізде олар Ырғыз қорығында мекендейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары