«Қайрат» – «Реал» ойынына билеттер сатылатын күн белгіленді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Cатылым 23 қыркүйекте сағат 17:00-де басталады. Билетті «Қайрат» футбол клубының ресми сайтынан және Ticketon платформасынан алуға болады.
Маңызды шарттар:
- бір ЖСН-мен 2 билет қана сатып алуға болады;
- Сатып алу кезінде және кіре берісте деректерді жақсылап тексеріңіз.
Клубтың мәліметінше, билеттің бағасы 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін болады.