Жеңіл атлет Нора Джеруто Әлем чемпионатының финалына шықты

/
Жеңіл атлет Нора Джеруто Әлем чемпионатының финалына шықты
olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Токио (Жапония) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеуден сәтті өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

15 қыркүйекте әйелдер арасында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгірудің іріктеу кезеңі өтті.

Бұл сынға Қазақстан атынан Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей қатысты.

Джеруто алғашқы жүгіруде мәреге екінші болып келіп, финалға жолдама алды. Ал Джепкемей өз жүгірісінде тоғызыншы орынға табан тіреп, келесі кезеңге өте алмады (финалға үздік бес спортшы шықты).

Айта кетейік, финал 17 қыркүйекте өтеді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары