Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрестен қазақстандық екі балуан қола жүлдегер атанды.
Алдымен Асылжан Есенгелді (60 келі) жүлде жолында америкалық Джаксен Патрик Форресті ұтып, қола жүлде алды.
Одан кейін Нұрқожа Қайпанов (70 келі) 3-орын үшін күресте молдовалық (70кг) Василе Диаконаны жеңді.
Еліміздің атынан әлем чемпионатында бақ сынап жатқан ел құрамасында Олимпиада, әлем және Азия чемпионатында жүлде алған тәжірибелі балуандар бар. Олармен қатар түрлі жас санатындағы ірі жарыстарда жоғары орындардан көрінген жас спортшылар кірді.
Бапкерлер еркін күрестен Әділет Әлмұхамедов (57 келі), Асылжан Есенгелді (61 келі), Начын Куулар (65 келі), Нұрқожа Қайпанов (70 келі), Әлібек Әбдіқасым (74 келі), Болат Сақаев (79 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Камил Куруглиев (92 келі), Ризабек Айтмұхан (97 келі) және Әлішер Ерғали (125 келі) сынды балуандарды алып барған еді.