Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Отандасымыз ел қоржынына жетінші алтынды салды.
90 келіден жоғары салмақта Қазақстан атынан шыққан Айбек Оралбай финалдық жекпе-жекте өзбекстандық Джахонгир Зокировпен өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық боксшы екі раунд бойы жеңіліп келе жатып, үшінші раундта басымдық көрсетті. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңісті еншіледі.
Отандасымыз ел қоржынына жетінші алтынды түсірді.
Осылайша, бокстан Қазақстан құрамасы Ұлыбританиядағы әлем біріншілігін жеті алтын, бір күміс және екі қола медальмен аяқтады.