Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері болды. Отандасымыз финалда түркиялық қарсыласын тізе бүктірген.
Алуа Балқыбекова бокстан әлем біріншілігінің финалында Түркия спортшысы Бусеназ Чакыроглумен жұдырықтасты. Жекпе-жек нәтижесінде төрешілер шешімімен отандасымыз жеңмпаз болып танылды.
51 келіге дейін сынға түскен отандасымыз осымен Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды.
Айта кетейік, Балқыбекова әлемнің екі дүркін чемпионы болды.