Әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан алтын жүлдегер атанды

/
Әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан алтын жүлдегер атанды
ҰОК

Қазақстан құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан әлем біріншілігінің чемпионы атанды. Отандасымыз ел қоржынына екінші алтын медальді түсірді.

55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан финалдық жекпе-жекте испаниялық Рафаэль Лосано Серраномен кездесті. Отандасымыз үш раунд бойы басымдық көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Махмұд Сабырхан ел қоржынына әлем чемпионатының екінші алтын медалін түсіріп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары