Әлем чемпионаты: Төрехан Сабырхан финалға шықты

/
Әлем чемпионаты: Төрехан Сабырхан финалға шықты
ҰОК

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан (70 келі) финалға шықты.

Қазақстандық жас боксшы финал жолдамасын англиялық Одель Камарамен сарапқа салған еді. 
Жекпе-жек барысында ол қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктірді. Енді ол әлем чемпионы атағын жапондық Сеуонретс Оказавамен сарапқа салады.

Төрехан Сабырхан 2006 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін ол жастар арасында әлем чемпионы (2024), жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы болған.

Сондай-ақ 2025 жылғы Странджа кубогының жеңімпазы атанды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары