Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.
Отандасымыз жартылай финалда польшалық Агата Качмарскамен қолғап түйістірді.
Бірінші және екінші раундта төрешілер бірауыздан польшалық боксшының жеңгеніне қолдау білдірді. Нәтижесінде бұл жекпе-жекте польшалық боксшы финалға шықты.
Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Ал 13 қыркүйекте Махмұд Сабырхан (55 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) финал жолдамасын сарапқа салады.
Бүгін ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі) жартылай финалға шықты, Виктория Графеева (60 келі) қола жүлдегер атанды.