Бүгін төрт қазақ боксшысы Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына, екі боксшы жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
12 қыркүйекте шаршы алаңға шығатын қазақ боксшылары:
Күндізгі сессия. Басталуы – 16:00
48 келі. 1/4 финал. Назым Қызайбай vs Ханна Охота (Украина);
50 келі. 1/4 финал. Санжар Тәшкенбай vs Жадумани Сингх Манденгбам (Үндістан);
60 келі. 1/2 финал. Виктория Графеева vs Ребека де Лима Сантос (Бразилия).
Кешкі сессия. Басталуы – 22:00
65 келі. 1/2 финал. Аида Әбікеева vs Грейн Мари Уолш (Ирландия);
+80 келі. 1/2 финал. Елдана Тәліпова vs Агата Кацмарска (Польша);
+90 келі. 1/2 финал. Айбек Оралбай vs Хулио цезарь Ла круз (Куба).
Айта кетейік, жекпе-жектерді Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады. Финалдық бәсекелер 13-14 қыркүйекте өтеді.