Әлем чемпионаты: Айбек Оралбай жартылай финалға шықты

/
Әлем чемпионаты: Айбек Оралбай жартылай финалға шықты
ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта хорватиялық қарсыласы Лука Пратльячичпен күш сынасты.

Үш раунд бойы қарсыласына еш мүмкіндік бермеген Айбек Оралбай төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, ұлттық құрама капитаны әлем чемпионатында кем дегенде қола медальді қанжығалайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары