Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жаңартылған жасөспірімдер рейтингін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
17 жастағы қазақстандық Заңғар Нұрланұлы айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізіп, бірден 29 сатыға жоғарылап, қазір 25-орында тұр. Биыл ол жасөспірімдер арасында өткен АҚШ ашық чемпионатының (US Open) жартылай финалына дейін жеткен еді.
Әмір Омарханов өз нәтижесін сақтап, 28-орында қалды. Ал Дамир Жалғасбай үздік 50 спортшының қатарына енуді мақсат етіп отыр. Ол 65-ші орынға көтерілді. Даниэль Тазабеков болса 122-орынға жайғасты.