Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олардың мәліметінше, зардап шеккендердің бірі – 1980 жылы туған ер адамның сол жақ сирағы, басы мен қолы жарақаттанған. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, амбулаторлық емге жіберілген.
Екінші зардап шеккен – 1988 жылы туған ер адам жабық бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған, мойын омыртқасы соғылып, саусақтары сынған. Ол шұғыл түрде көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілген. Жағдайы ауыр деп бағалануда.
Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында Көкшетау–Рузаевка автожолында Айыртау ауданының полиция қызметкерлері қатысқан жол апаты орын алған болатын.