Польшадағы Силез воеводствосының Живец уезіне қарасты Липова ауылында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Oxu.Az мәлімдеді.
"Сағат 9:36-да әуе апаты орын алғаны туралы хабар алдық. Екі адам оқиға орнында көз жұмды. Қону кезінде – нақты себебі белгісіз – ұшақта ақау туындап, апатқа ұшырады", – деді Живец ауданының өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы капитан Томаш Колодзей.
Оқиға орнына алғаш жеткен өрт сөндірушілер бірден отты сөндіруге кіріскен.
Содан кейін олар ұшақ ішінен екі адамның мәйітін тапқан.