Жарқанаттан тарайтын тағы бір қауіпті ауру анықталды

/
Жарқанаттан тарайтын тағы бір қауіпті ауру анықталды
сурет: istockphoto.com

Аустралияны мекендейтін жемісқоректі жарқанаттардан ғалымдар жаңа қауіпті вирус анықтады. The Daily Telegraph мәліметінше, ол Salt Gully деп аталып, адамға жұғу қаупі бар патоген ретінде зерттеліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа вирус құрылымы жағынан бұған дейін белгілі аса қауіпті Нипах пен Хендра вирустарына ұқсас. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл екі вирусты адамзат үшін ерекше қатерлі деп бағалайды.

Австралияның Ауруларға дайындық орталығының сарапшысы Дженнифер Баррдың айтуынша, Salt Gully кемінде он жылдан бері табиғатта айналымда жүрген болуы мүмкін:
«Бұл вирус адамдар мен жануарларға тарай ма, әзірге нақты айту қиын. Бірақ оны ерте анықтау үшін тест-жүйелер әзірленіп жатыр. Бұл болашақта індеттің таралуын тоқтатуға көмектеседі», – деді ол.

Еске сала кетейік, көптеген зерттеулер COVID-19 пандемиясын тудырған коронавирус та алғаш рет жарқанаттардан тарағанын көрсеткен. 2024 жылы халықаралық ғалымдар Уханьдағы «Хуанань» базары індеттің басталу ошағы болғанын дәлелдеген еді. Ал жуырда Қытай ғалымдары Гонконгтен жаңа коронавирус түрін тапты. Ол Pipistrellus bat coronavirus HKU5 деп аталады және адамдарға жұғу қаупі бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары