Қарағандыда жасөспірім үйдің шатырында қауіпті ойын ұйымдастырған

/
Қарағандыда жасөспірім үйдің шатырында қауіпті ойын ұйымдастырған
скриншот

Қарағандыда жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің шатырында кірпіштерді қауіпті етіп орналастырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кез келген сәтте кірпіш өтіп бара жатқан адамның үстіне құлауы мүмкін еді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша тәртіп бұзушының жеке басын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

«Жеке басы анықталғаннан кейін оның ата-анасы бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңда белгіленген жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады ведомство.

Қарағанды облысы полиция департаменті ескертеді: айналадағы адамдарға қауіп төндіретін кез келген әрекет қатаң шаралар қолдану арқылы тоқтатылады. Мұндай құқықбұзушылыққа жол бермеу үшін ата-аналар барынша қырағылық танытып, балаларының тәртібін қатаң бақылауда ұстауы қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары