Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев те Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.