Оқиға Садовая және Чернышевский көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл ақпаратты Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
– Чернышевский мен Садовая көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Белгілі болғандай, Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға салдарынан 10 жастағы қыз жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, жүргізуші анықталды, тексеріс жүргізілуде.