Қазақстандық былғары қолғап шебері Сағындық Тоғамбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Сағындық бұл кезеңде Джек Марлимен (Ирландия) өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.