"5 жыл бұрын...": Танымал блогердің анасы неден көз жұмғаны белгілі болды

/
"5 жыл бұрын...": Танымал блогердің анасы неден көз жұмғаны белгілі болды

7 қыркүйек күні отбасылық әзіл-қалжыңымен елге етене танылған блогер Нұргелді анасының қайтыс болғанын хабарлаған еді. Ал бүгін ол анасының не нәрседен көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Ассалаумағалейкум, достар. Өткен жұмада, өкінішке қарай, анамыздан айырылып қалдық. Көп адамдар әлеуметтік желіде не болғанын сұрап жазуда. Сол сұрақтарға жауап берейін. 5 жыл бұрын анамыздан қатерлі ісік анықталған еді. Осы уақыт аралығында біз осы дертпен күресіп келдік.  Барлық ем-домды алып көрдік. Шетелге де шығып келдік. Қолымыздан келгеннің бәрін істедік. Өкінішке қарай, Алланың қалауы шығар,  Жаратушы анамызды арамыздан алып кетті. Сіздердің хаттарыңызды және пікірлеріңізді оқып отырмын. Сіздерге көп-көп рахмет! Анам үшін дұға еткендеріңізге рахмет! Сіздерге айтқым келетіні, ата-аналарыңыз бен жақындарыңызға абай болыңыздар. Көбірек бірге болыңыздар. Өздеріңізді күтіңіздер!", - деді блогер әлеуметтік желіде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары