АҚШ-та балабақшаға кіріп кеткен улы жылан 4 жастағы баланы шағып алды

/
АҚШ-та балабақшаға кіріп кеткен улы жылан 4 жастағы баланы шағып алды

Солтүстік Каролина штатының Стоуни-Пойнт қаласындағы балабақша құмсалғышына жылан кіріп, 4 жастағы баланы шағып алды. Бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғадан кейін қалада үлкен дау туды. Балабақша қызметкерлері баланың ауруханаға түсу себебін ата-анасына айтпай, жедел жәрдемге хабарласпастан, баланы өздері ауруханаға апарған.

«Баланың отбасы бастапқыда оған сынық кірген немесе қолын сындырып алған деп айтқанын» жеткізді, – делінген материалда.

Ата-анасы тек ауруханаға барған кезде ғана баланы жылан шағып алғанын білген.

Басылым дерегінше, балабақша қызметкері жыланды өз күшімен өлтірген.

Баланың қазіргі жағдайы нақты айтылмаған.

Ашық деректерге сүйенсек, мысбасты жыландар (немесе шұңқырбас шұбар жыландар) – сылдырмақты жыландардың туыстары. Олардың шағуы әдетте қатты ісінуге, қанды көпіршіктерге, жүрек айнуға, құсуға, бас айналуға әкеледі және кей жағдайда өлімге соқтыруы мүмкін. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары