«Қазгидромет» баспасөз қызметі 9 қыркүйекке арналған Астана мен Алматы қалаларының ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +18…+20°С.
Алматыда ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 3-8, кей жерлерде екпіні 18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°С, күндіз +26…+28°С.
Жалпы Қазақстан бойынша күн күрт суытып, қатты жауын-шашын болатыны болжанып отыр.