Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында үлкен қызы Сезімді шетелге шығарып салған видеосын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, қызы Сезім Англиядағы жоғарғы оқу орнына түскен.
«Қызым Сезімді шығарып салып тұрмыз. Тұңғышым үлкен өмірге қадам басып, Англияға ұшайын деп жатыр. Қобалжып тұрмын. Тым кеш уақытқа қарамастан достары мен сыныптастары да шығарып салуға жиналды.
Бүгін де бойжетіп, өмірдегі үлкен әрі жауапты білім деген жолға аттанып, студент атанды. Жаратқан жол болсын», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.