Зарина Диас екінші айналымға өтті

Зарина Диас екінші айналымға өтті

Зарина Диас екінші айналымға өтті
ашық дереккөзі
Зарина Дияс Қытайда өтіп жатқан жарыстың екінші айналымына өтті. Наньнин қаласында өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры 25 мың АҚШ доллары, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы. Зарина Дияс Қытайда өтіп жатқан ITF Women's Circuit турнирінде жиырма екі жастағы қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебінде ұтып жарыстың екінші айналымына өтті. Екінші раундта Зарина жапондық тениисші бойжеткен Мияби Инуэмен (543) кездеседі, ол бірінші айналымда жерлесі Аяно Шимицудан басым түскен болатын.