Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі бесінші ойынында Бельгиядан ірі есеппен жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алғашқы минуттан ел құрамасы сапында Мұхаммеджан Сейсен, Ян Вороговский, Ұлар Жақсыбаев, Әлібек Касым, Нұралы Әліп (К), Сұлтанбек Астанов, Рамазан Оразов, Серікжан Мужиков, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Оралхан Өміртаев жасыл алаңға шықты.
Ал Бельгия құрамасының бапкерлері Тибо Куртуа, Максим де Кейпер, Артюр Теате, Зено Дебаст, Тимоти Кастань, Юри Тилеманс, Николас Раскин, Кевин де Брeйне, Жереми Докю, Леандро Троссар, Шарль де Кетелареге сенім артты.
Алғашқы минуттан бельгиялық футболшылар тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде олар Қазақстан құрамасы қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Олардың қарқынына қазақстандық қорғаушылар лайықты төтеп беріп жатты. Кейбір сәтте қақпашы Мұхаммеджан Сейсен әбжіл қимыл көрсетіп, гол соғуға мүмкіндік берген жоқ.
Соған қарамастан Белгия құрамасы 6 гол соғып кетті.
Осылайша ойын 6:0 есебімен Бельгияның басымдығымен аяқталды.