Карина Ибрагимова Әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алды

/
Карина Ибрагимова Әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алды
ҰОК

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова 57 келі салмақтағы 1/8 финалдық жекпе-жегінде өз қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Англиялық Элиз Глиннді төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңген Карина — 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан атынан алғашқы болып төрттік финалға өткен спортшы атанды.

Карина енді жартылай финал жолдамасын сарапқа салу үшін поляк боксшысы Юлия Шереметаға қарсы шығады. Бұл жекпе-жек 10 қыркүйекте, кешкі сессияда өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары