Жібек Құламбаева Қытайдағы жарысты сәтті бастады

/
Жібек Құламбаева Қытайдағы жарысты сәтті бастады
Фото: instagram.com/kulambayevaa

Қазақстандық теннисші, әлемнің 318-ракеткасы Жібек Құламбаева Хучжоу (Қытай) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Қазақстандық теннисші жергілікті спортшы Гую Сюйге бірде-бір гейм бермей, 6:0, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Матч 54 минутта аяқталды.

Жібек Құламбаева іріктеу сайысының финалында әлемдік рейтингіде 476-орында тұрған оңтүстіккореялық Джон Чанмен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Зарина Дияс негізгі турнирде алғашқы айналымда рейтингіде 216-сатыдағы франциялық Кароль Моннемен шеберлік байқасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары