Бокстан ӘЧ: Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

/
Бокстан ӘЧ: Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
ҰОК

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем біріншілігін жеңіспен бастады. 

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Төрехан үшін дебюттік кездесу сәтті болды. Отандасымыз алжирлік боксшы Эсуф Яичемен тартысқа толы жекпе-жек өткізді. 

Үшінші раундта Төрехан екі мәрте қарсыласын есеңгіретіп, төреші есеп ашты. Осылайша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары