7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні Брюссельде (Бельгия) футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Бельгия — Қазақстан матчы өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Кездесу тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Трансляция Астана уақытымен 23:45-те басталады.
Қарсылас командалардың жағдайына тоқталсақ, Бельгия құрамасы үш ойыннан жеті ұпай жинап отыр. Қазақстан құрамасының қоржынында төрт ойыннан үш ұпай бар.
Бельгия соңғы матчында сырт алаңда Лихтенштейнді 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Гол авторлары: Максим Де Кёйпер (29-минут), Юри Тилеманс (46, 70-минут, пенальти), Артюр Теате (60-минут), Кевин Де Брюйне (62-минут) және Малик Фофана (90+1-минут).